Теміржол өткеліндегі жол апаты: жүргізуші ауруханаға жеткізілді

1 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©ЖИ/Opennews.kzКАМАЗ жүк көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде теміржол өткеліне шығып кетіп, тоғыз вагоннан құралған пойызбен соқтығысқан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Ал КАМАЗ автокөлігіне едәуір механикалық зақым келген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлаған. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықтауда.
Полиция жүргізушілерге теміржол өткелдерінен өту кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қауіпсіздік талаптарын елемеудің ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

"Теміржол өткелінде жіберілген бір ғана қателік ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін. Жүргізушілерден өткелден өту ережелерін қатаң сақтап, барынша сақ болуды сұраймыз",- деп мәлімдеді Полиция департаменті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.