Украинада қазақ жігіті тұтқынға түскен

270

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Украина қарулы күштері Ресейдің атынан соғысқа келген қазақ жігітін тұтқынға алды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Сарбаздардың нақты қай жерде ұсталғаны белгісіз. Алайда видеода тұтқынға түскендердің бірі өзінің қазақ екенін айтқан.

«Мұнда қалай келдің?» деген сұраққа ол «жұмыстан алып кетті» деп жауап береді.

Сондай-ақ кадрларда жігітті украин әскерлері басынан теуіп, мылтықпен ұрып жатқан сәті бар.

Дереккөз таратқан ақпарат бойынша, бүкіл ТМД елдерінде ресейлік компаниялар Мариупольдегі құрылыс алаңына жұмысшылар жинап жатыр екен. Бірақ оларды алдап майданға алып баратын көрінеді. Ал бұл мәселеге қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі әзірге ешқандай ақпарат берген жоқ.

Сонымен қатар, видеодағы қазақ сарбазының азаматтығы қай елге тиесілі екені де белгісіз.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.