Жер үйлерге жылу беріле бастады

1 524

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

фото: pxhere.comЕкібастұз қаласы бойынша 6331 жер үй орналасқан. Олардың жартысынан астамы қазірдің өзінде орталық жылу жүйесіне қосылып үлгерген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Екібастұз қаласында биыл орталықтандырылған жылуға қосу 10 қыркүйектен бастап жүргізіліп жатыр. Нысандарға жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Барлық үйлер мен мекемелер толық қосылып болған соң ғана жылу параметрлері көтеріледі.

- Бекітілген жоспарға сәйкес, жылу беру маусымын бастадық. 10 қыркүйектен әлеуметтік нысандарға кезең-кезеңмен жылу беріліп жатыр. 15 қыркүйектен жер үйлер кезең-кезеңімен жылумен қамтамасыз етіледі. Ал 20 қыркүйектен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу жібереміз, - деп хабарлады қала басшысы Аян Бейсекин.

Кеншілер қаласында 6331 жер үй бар. Бүгінде соның 3400-іне жылу берілген. Ал әлеуметтік мекемелерден тек 5 нысан ғана қосылмаған.

Бұған дейін 10 қыркүйектен Павлодар қаласындағы әлеуметтік мекемелер орталық жылу көзіне қосыла бастағанын жазғанбыз.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.