Құрылысы 775 млн теңгені құраған жаңа емхана құлағалы тұр

286

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

775 миллион теңгеге салынып, 2017 жылы пайдалануға берілген Алматыдағы жаңа емхана апатты жағдайда тұр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ғимараттың қабырғалары жарылып, төбесі құлайын деп тұр. Алайда медициналық мекемені жөндеуге билік өкілдері асықпай отыр. Дәрігерлер қабырғалары қақырап тұрған ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап, әкімдікке бірнеше рет хат жазған көрінеді. Бірақ нәтиже жоқ.

Қорқыныш бар. Өздеріңіз көрдіңіздер, қанша см төмендегенін. Пациенттер де сыртынан көріп, кіруге қорқады. Әр қызметкер осы подвалға кіріп, киініп-шешінеді. Дәрі-дәрмек тұр, - деді қалалық №7 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ләззат Жұмаділова.

Қазір емханада 200 маман қызмет етеді. Олар тәулігіне 400-ге жуық науқас қабылдайды. Олардың бәрінің өміріне қауіп төніп тұр. Аурухана қызметкерлері өз күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізген. Оған 4,5 жыл ішінде 1 миллион теңге жұмсалған көрінеді.

Төтенше жағдайлар департаментіне де, сейсмология институтына да хабарластық. Қағаздарына қарасақ, еш қауіп жоқ, пайдалана беруге болады дейді. Бірақ жыл сайын көріп отырмыз, ғимарат отырып жатыр. 5 жылдың ішінде 10 шақты сантиметрге отырған шығар, - дейді аурухананың бас дәрігері Манас Рамазанов.

Осы жағдайды бақылауға алған AMANAT партиясының бір мүшесі, қалалық мәслихаттың экс-депутаты Ерболат Қасымовтың айтуынша, емхана, аурухана, мектептер кем дегенде 10-15 жыл сапасы мінсіз болып тұруы керек. Ал 4 жыл ішінде қайта жөндеуден өткізу деген дұрыс емес.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.