Жаңаөзенде жұмысқа тұра алмаған екі азамат қарындарын жарды

267

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаздан" жұмыс сұрап барған екі ер адам  қызметке орналаса алмағаннан кейін өздеріне пышақ тығып алған. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 15.00-де бір топ адам компанияға жұмысқа орналасуды талап етіп, "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына жиналған.

"Жұмысқа орналаса алмаған екеуі - азамат С.К. және азамат С.Т. (бұрын сотталған) іштің алдыңғы қабырғасы мен білек аймағына пышақпен жарақаттар салып, екеуі де қалалық ауруханаға жатқызылды", - делінген ақпаратта.

Олардың өміріне қауіп жоқ. Ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың бірі ауруханаға жатудан бас тартып, ғимараттан шығып кеткен.
Әкімдік ер адамдар бұрын оқудан өтіп, 1 маусымда жеке компанияға 250 мың теңге жалақымен жұмысқа орналасқан.

"Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдау алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылатыны бірнеше рет түсіндірілді. Алгоритмді бұзу, кезексіз жұмысқа орналастыру басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіздікке әкеп соғады"- делінген хабарламада.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.