Билеген видеосын желіге жүктеген қыз бен жігіт 10 жылға сотталды

641

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ирандық 21 жастағы қыз бен оның 22 жастағы сүйіктісі «Тегеран қақпасы» деген атпен танылған Иран астанасының символы – Азади мұнарасының жанында билеп, видеосын әлеуметтік желіге салғаны үшін он жылға қамалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.



Ақпарат бойынша, Астиаж Хагиги мен Амир Мохаммад Ахмади «Азғындық пен қоғамдық жезөкшелікті насихаттағаны» және «ұлттық қауіпсіздікті бұзу мақсатында жиын өткізгені» үшін айыпты деп танылған.

Олардың романтикалық биі таспаланған видео Instagram желісінде жарияланып, миллион қаралым жинаған.

Хакики мен Ахмади – елдегі танымал блогерлер, олардың парақшасына көп адам жазылған.

Кейінгі айларда Иран билігі әйел құқықтарын қорғайтын науқан қатысушысы деп есептейтін адамдардың бәрінің соңына түсті.

Жаппай қарсылық көрсету былтыр қыркүйекте 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін басталды.

Оны Ислам әдет-ғұрып полициясы хиджапты дұрыс тақпағаны үшін ұстап әкетіп, ол полиция учаскесінде қайтыс болған.

Махсаның туыстары мен оны ұстап әкеткенін көрген куәгерлердің айтуынша, оны ұрып-соққан.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.