Денесі есікке қысылған баланы автобус сүйретіп жүрген

516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Абай облысында 7 жасар баланың денесі есікке қысылып, автобус сүйретіп кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Оқиға жайлы баланың анасы
әлеуметтік желідегі парақшалардың біріне мәлім еткен. Автобус баланы бірнеше метр жерге сүйреген. Анасының айтуынша, ол баланы жібермей ұстап тұрғандықтан, дөңгелек астына түсіп қалудан аман қалған.

Әйел адамның айтуынша, жүргізуші жолаушылардың толық түскеніне көз жеткізбестен, есіктерді жауып тастаған. Салдарынан 7 жасар бала есікке қысылып қалған. Ал жүргізуші қозғала бастаған кезде баланың денесі толығымен сыртта қалып кеткен. Осылайша ол баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.
Абай облысының Полиция департаменті 5 ақпан күні Hyundai автобусының 56 жастағы жүргізушісіне қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды, - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, аталған бап 5 АЕК, яғни 17250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуді қарастырады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.