Баланың шашынан тартып, күш көрсеткен балабақша қызметкері жұмыстан шығарылды

233

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бүлдіршіннің шашынан тартқан тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова "Арман" балабақшасының қызметкері жұмыстан босатылғанын хабарлады. Ол жүргізілген қызметтік тергеудің нәтижелерін айтты.

"Тәрбиешінің көмекшісі Қазақстанның Еңбек кодексінің 49-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыстан шығарылды. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша онымен еңбек шарты бұзылды. Балаларға қатысты физикалық, моральдық және психологиялық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді. Кез келген дөрекілік пен педагогикалық әдепті бұзу жұмыстан босатылғанға дейін заң шеңберінде қаралады", – деп атап өтті Қожахметова.


Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымның директорына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылғаны белгілі болды.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қарағандыдағы балабақшалардың бірінде қызметкер баланың шашынан тартып, күш көрсеткені жайында ақпарат тараған болатын. 




Видеодан тәрбиешінің 3-4 жастағы қыздың шашын бірнеше рет тартқанын көруге болады. Автордың сөзінше, оқиға Майқұдықтағы №12 шағын ауданындағы "Арман" бөбекжайда болған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.