Алматы-Петропавл бағытындағы пойызда ер адам қызды зорламақ болған

235

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ұлттық ұлан сарбазы Алматы-Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызында қызды зорламақ болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




6637 әскери бөлімінің қызметкері, майор еркін Жантурин көрші купеден қыздың көмекке шақғырған дауысын естіген. Қызға көмектеспек болған ол купеге барғанда есікті әлдекімнің жауып тұрғанын көрген.

Есікті күшпен ашқан әскери қызметкер ер адамды ұстапты. Кейін қыз әскериге купеде бірге келе жатқан ер адамды танымайтынын жеткізіпті. 

Оқиға кешкі уақытта орын алды. Мейрамхана вагонынан кешкі ас ішкеннен кейін купеге келіп, тынығайын деп жатқаным сол еді, жас қыздың көмек сұрап, айқайлаған даусын естідім. Купеге кірген кезде ер кісінің қызды қорлауға тырысып жатқанын байқадым және оны дереу ұстадым, – деді майор Еркін Жантурин.

Қазіргі таңда қызды қорламақ болған 36 жастағы ер адамға қатысты іс қозғалған. Күдікті – Қарағанды облысының тумасы. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.