Қызылордада жалған маркамен ащы су өнімдері тәркіленді

1 353

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларымен 4 376 дана арақ өнімдерін өткізу дерегін анықтады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Тексеріс барысында Қармақшы ауданында тұратын 2 азамат екі мекенжайда сыйымдылығы 0,5 литрлік 2 647 дана, 0,2 литрлік 889 дана және 1 литрлік 840 дана арақ өнімін сақтағаны анықталған. Аталған азаматтар жалған есепке алу-бақылау маркалары жапсырылған алкоголь өнімдерін анықталмаған тұлғалардан төмен бағада сатып алған. Жалған маркалы өнімдерді пайда табу мақсатында үстіне үстеме ақша қосып сату барысында құрықталған. Оқиға орнын тексеру барысында жалпы саны 4 376 дана арақ өнімі алынып, тиісті сараптама  тағайындалды.



Аталған факті бойынша  Қылмыстық кодекстің 233-бабы  2-бөлігінде қаралған қылмыстық құқықбұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Департаменттің мәлімдеуінше, тергеу талабына сәйкес  әзірге басқа ақпараттар жария етілмейді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.