Ауылдарын су басқан тұрғындарға сайлау бюллетеньдері қайықпен жеткізілді

1 234

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақтөбе облысындағы су басқан ауылдарға сайлау бюллетеньдері қайықпен жеткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақтөбе облысындағы Қобда ауданының Қанай, Байтақ,Сарыбұлақ, Жарық, Ортақ, Қоғалы, Көкүй ауылдарына бір аптадан бері көлік қатынамайды. Өйткені, бұл ауылдардағы тас жолдар мен көпірлерді су басып қалған.


Жағдай оңай емес. Бірақ сайлау өз деңгейінде, заң талаптарына сай өтіп жатыр. Су ортасында қалған жеті ауылдағы 993 сайлаушыға бюллетеньдерді полиция қызметкерлерінің бақылауымен жеткізіп бердік, - дейді Қобда аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Ақшолпан Оразова.


Ал Ойыл ауданындағы көлік қатынассыз қалған шағын ауыл тұрғындары да жексенбі күні дәл сондай амалмен түске дейін дауыс беріп болған.


Ойыл аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, су тасып көлік қатынай алмай қалған төрт ауылда 1018 сайлаушы тұрады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.