"Жастарымыз әскерден жалтару үшін медкомиссияға өздері пара ұсынуда" - депутат

169

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Сенат депутаты Геннадий Шиповских еліміздегі ата-аналар баласын әскерге жібермес үшін пара беріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Қазір қоғамда жастарымыздың әскери борышын өтеуге, әскерге баруына байланысты үлкен сұрақ туындап отыр. Енді бірі әскерге барса, енді бірі әскерге барудан қорқады. Біз өңірлердегі бірқатар жағдайды байқап отырмыз. Мысалы, медициналық тексеру кезінде кейбір жастарымыз әскерден жалтару үшін тіпті, медкомиссияға өздері пара ұсынып, одан жалтарып жатыр, - деді Геннадий Шиповских Сенаттағы «Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселесі» тақырыбында өтіп жатқан отырыста.


Депутат сарбаздар мен ата-аналардың бұл әрекетін түсінетінін жеткізді.


Әрине, бір жағынан оларды да, олардың әке-шешесін де түсінуге болады. Қазіргі заманда кім 18 жасқа дейін мәпелеп өсірген баласын аман-есен әскерге жіберіп, одан кейін Құдай сақтасын, мүгедек болып немесе табытпен қарсы алып жатса, кімге жақсы? Менің ойымша, біз әскердегі тәртіпсіздікті реттемей, парақорлықты арттырып жатырмыз, - деді сенатор.


Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев мұндай мәселе барын жеткізді.


«Әскерге шақыру бойынша бірқатар тексеру жүргіздік. Өңірлерде интеграция жоқ», - деді ол.


Геннадий Шиповских басшының жауабына көңілі толмайтынын ашық айтты.


Мен сұрақтың жауабына қанағаттанған жоқпын. Дәл осындай мәселені болдырмау үшін орысша айтқанда «требуется драконовые меры». Егер өңірде бір сарбаз көз жұмса немесе бір сарбаз мүгедек болып қалса, менің ойымша,  дәл сол жердегі аймақтық бөлімшелердің бірінші басшылары міндетті түрде оларды жауапқа тарту керек. Тіпті, трибуналға жіберу керек. Сонда ғана (әскерде) тәртіп орнайды, - деп сөзін түйіндеді сенатор.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.