Елімізде әскерден жалтарған азаматтар Ресейге қашқан

164

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Сенатта әскери қызметшілердің денсаулығын талқылау кезінде депутат Сергей Ершов әскерден жалтарғандар туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



"Бұқаралық ақпарат құралдарында әскерге бармау үшін Солтүстік Қазақстаннан Ресейге қашып барғандар туралы мәлімет тарады. Мәселен, қазіргі кезде көрші мемлекеттің аумағында көктемгі әскерге шақырылатын 250-ге жуық азамат бар. Шынымен де жағдай осылай ма? Бұл жігіттердің тағдыры не болады?”, – деп сұрады сенатор.


Өз кезегінде Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев осындай деректер бар екенін нақтылады.


"Расында да мұндай ақпарат БАҚ-та жарияланған. Прокуратура органдары Қорғаныс министрлігіне тиісті нұсқау берді. 200 адамның 120-сы Ресей Федерациясында білім алып жатыр, яғни студент санатына жатады", - деді Қазиев.


Осы орайда ол Қорғаныс министрлігі бұл бағытта тиісті іс-қимылды пысықтап жатқанын айтты.


"Егер олар шынымен көрші елде оқуда жүргені нақтыланса, онда бұл жағдай әскерге бару мерзімін кейінге шегеруге себеп болады. Сондай-ақ, бұл жігіттердің арасында оқуға түспегендері анықталса, Қазақстан аумағына келген кезде олар міндетінен жалтарғаны үшін айыпталады", - деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.