"Жұрт коммуналдық қызметке төлеген ақшасы қайда кетіп жатқанын көріп отыруы тиіс" - президент

136

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Тоқаев елдің тұрмысын жақсарту үшін алдағы уақытта жүзеге асуы тиіс тапсырмалар берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жиын өтті. Үкімет, Парламент, Президентке тікелей есеп беретін мекеме басшылары, әкімдер қатысқа жиында әлеуметтік мәселе талқыланды. Оның ішінде, жергілікті әкімдіктерге арыз-шағым толастамайтын коммуналдық сала да бар. 


«Тарифті өсіруден түскен қосымша қаржы тек қана коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалуы керек. Сондай-ақ жаңа қуат көздерін іске қосуға және жұмысшылардың жалақысын көтеруге бағытталуы қажет.

Монополистердің міндеттері мұқият нақтыланып, толығымен орындалуға тиіс. Сондықтан Үкіметке қаржының жұмсалуын бақылайтын қатаң амал-тәсілдер енгізуді тапсырамын. Оған цифрлық бақылау жүйесін де енгізу керек.

Жұрт коммуналдық қызмет үшін төлеген ақшасы қайда кетіп жатқанын көріп отыруы тиіс. Қазіргі заманғы ақпараттық технология бұған толық мүмкіндік береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.