Қызылордада тұрғын үйден шыққан өрттен өзбекстандық азамат күйіп қалды

109

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда қаласында тұрғын үйде болған өрттен өзбекстандық 39 жастағы азамат бірінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға бүгін, 19 сәуірде сағат 10.58-де Қызылорда қаласы, Яншин көшесі бойындағы тұрғын үйде болды.


Газды ауа қоспасының жылыстауынан соңы өртке ұласты.


«Тұрғын үйдің 182 шаршы метр аумағы қирап, өрт 60 шаршы метр болатын уақытша құрылыс алаңына көшті. Оқиға орнында 1984 жылғы өзбекстандық азаматтың беті, қолы, мойны күйіп қалған. Ол бірінші дәрежелі күйік диагнозымен қалалық ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.


Өрт сағат 12.09-де толық сөндірілді. Оттың шығу себебі анықталып жатыр.


Оқиға орнында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінен 25 қызметкер және 5 техника жұмыс атқарды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.