Үкімет шілде айындағы демалыс күндерге өзгеріс енгізді

149

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстандықтар шілде айында қатарынан төрт күн демалмақ, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



"ҚР үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы Қаулы қабылдады. Қаулы бойынша жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды", - делінген хабарламада.


Осылайша, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне орай 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады. Сенбі 1 шілде жұмыс күні болады.


Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.