Қызылордада жаңадан салынып жатқан дүкеннің төбесі құлап, бір адам мерт болды

294

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда қаласында салынып жатқан екі қабатты дүкеннің ағаш конструкциясы құлап, Өзбекстан азаматы көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға бүгін, 4 мамырда сағат 15.11-де болды. Қызылорда қаласындағы Төреқұлов көшесі бойында жаңа салынып жатқан екі қабатты дүкен төбесінің ағаш конструкциясы құлап кеткен.


«Оқиға орнында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Өзбекстан Республикасының 1996 жылғы азаматы сол жерде қаза болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының күшімен мәйіт үйінді астынан шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.