Түркістан облысында ер адам 5 жасар қызды зорлаған

277

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркістан облысы Арыс қаласында кәмелетке толмаған қызға азғындық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Полиция мәліметінше, 21 мамырда Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Жергілікті тұрғынның арызы негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.


Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.


Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазіргі уақытта жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталмады.


Басқа ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды. 


Алайда, Telegram-арналардың бірінде Түркістан облысында ер адам 5 жасар қызды зорлады деген хабар тарап, жарияланған ақпаратта жеткіншек жансақтау бөліміне түскендігі жазылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.