Мектеп есепшісі жалақы ретінде 36 млн теңгені жымқырған

489

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақмола облысында білім саласының есепшілері 83 млн теңгені жымқырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақмола облысында екі білім беру мекемесінің бухгалтерлері ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін ұсталды.


Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасап, туыстарының шоттарына ақша аударған. Ал аударымдардың шынайылығын көрсету үшін тауарларды жеткізуге келісім-шарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен. Бірақ банктік шоттар жақын туыстарына ашылған. Осылайша, балабақша есепшісі 47 миллион теңгені жымқырды.


Ал Степногорск қаласы мектептерінің бірінде бухгалтер өз шотына 36 миллион теңгені жалақы ретінде аударған.


Қазіргі кезде осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұлбапта белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.