Алматы облысында әйел түрмедегі педофилге есірткіні кәмпитке тығып өткізбек болған

320

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comАлматы облысындағы түрмелердің бірінде жазасын өтеп жатқан педофилге есірткіні кәмпитке тығып өткізбек болған әйел ұсталды.


Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/12 жоғары қауіпсіздік мекемесіндегі педофилге психотроптық заттарды кәмпиттердің ортасына тығып өткізбек болған.


 "2017 жылы азаматтық некедегі әйелінің кәмелетке толмаған қызына ерекше қатыгездікпен зорлық жасағаны үшін сотталған азаматқа тыйым салынған заттарды тығып өткізбек болған. Қысқамерзімді кездесуге келген әйел жазасын өтеушіге кәмпитке тығылған психотроптық заттарды алып барған.


 Алайда, жедел бөлімдегі тексеру тобының қызметкерлері бұл әрекеттің алдын алды. Сотталғандармен және олардың туыстарымен тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілген профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, азаматтар тыйым салынған заттарды беруді саналы түрде жалғастыруда", - дейді Алматы облысы бойынша ҚАЖД басшысының міндетін атқарушы Қанат Ашов. 


Оның сөзінше, тек бес айдың ішінде Алматы облысындағы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріне ұялы телефондарды, спирттік ішімдіктерді, қаражат және есірткі заттарын әкелудің онға жуық фактісі тіркелген. 


Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды бергендер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 481-бабында көзделген әкімшілік жазаға тартылады. 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.