"Ең төменгі айлық 300 мың теңге болуы керек" - депутат
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Мәжілісте сөз сөйлеген депутат Ринат Зайытов еліміздегі ең төменгі жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеру керек екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Зайытов аз айлыққа жұмыс істеп жүрген отбасыны мысалға алып, бір айлық шығындарын есептеп берді.
Депутат мысал ретінде отбасының тұрмысққа қажетті барлық шығынын есептей келе жалпы сомма шығыны 254 мың 215 теңгеге шыққанын айтты. Ол министрлікке кедейлікпен күресу бойынша қандай шаралар атқарылып жатқанын сұрады.
Қаржы министрлігінің өкілі депутаттың сұрағына азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Кулуарға шыққаннан кейін депутат Ринат Зайытов журналисттердің "ең төменгі жалақы қандай көлемде болу керек" деген сауалына жауап берді. Депутат министрліктер бұл мәселені жіті қарап, қайта есептеу керек деп есептейді.
Мәжілісменнің айтуынша, қаржы министрлігінің ең төменгі жалақыны 85 мың теңге етіп белгілеу – президенттің тапсырмасын орындамау үшін қасақана жасап отыр" деп есептейтінін айтады.
Қаз
Рус






