Діни басқарма министрліктен мектепте оқушыларға орамал тағуға рұқсат беруді сұрауда
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мектепке ақ және көк түсті орамал тағуға рұқсат беру керектігін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі KTK арнасына сілтеме жасап.
Оқушының мектепке орамалмен баруы қазіргі кезде үлкен мәселе болып тұр. Осы тұста діни басқарма мәселені шариғатқа сай шешуді сұрауда. Оқу-ағарту министрлігіне нақты ұсыныс та жасалған. Әзірге ұсыныстың мазмұны көпке жарияланбады. Тек мүфтиятты баспасөз хатшысы бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырыпты.
"Зайырлы дегеніміз,кем дегенде, өзінің діни басқа ұстанымдарын ересек жасқа жеткен кезде айқындай алатын дүние. Яғни ешбір балаға ешбірата-ана, ешбір мемлекеттік ұйым «сен былай жүр, сен былай жүр» деп айтпауы керек",- дейді депутат Айдос Сарым.
Ал депутат Ерлан Саиров тіпті діни басқарма өкілдерінен күдіктеніп отыр. Дәстүрлі салт-санамызға сіңген ислам емес, өзге де тармақтар көрініс тапқан деген пікірде.
Хиджаб мәселесіне қатысты мүфтияттың ұсынысы оқу-ағарту министрлігіне әлі жетпеген. Діни басқарманың ақ пен көк түсті орамал тағуға рұқсат беру туралы ұсынысы министрлікке жете сала, ресми жауап болатынын айтумен ғана шектелді.
Қаз
Рус






