Алматыда дәретхана шұңқырына құлап кеткен екі бала мен олардың әжесі көз жұмды

345

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: polisia.kzАлматыда дәретхана шұңқырына құлап кеткен екі бала мен олардың әжесі қайтыс болды. Қайғылы оқиға кеше, 30 маусымда оңтүстік астананың Наурызбай ауданы, Абай ауылында болған. 


Құтқарушылардың дерегіне сүйенсек, көше дәретханасының шұңқырына алдымен 2020 жылы туған бүлдіршін құлап кеткен.


 Мұны көрген 2009 жылы туған ағасы көмекке ұмтылып, қарындасын өз бетінше тартып алуға тырысып, артынан шұңқырға түскен.


 Осыдан кейін көмекке балалардың әжесі мен әкесі ұмтылып, оларды құтқаруға тырысқан. 
Оқиға орнына жедел жеткен РЖҚЖ құтқарушылары балалар мен әжесін алып шыққан, алайда оларды аман алып қалу мүмкін болмаған.


 "Өкінішке орай тек әкесі аман қалды, оны құтқарушылар келгенге дейін шығарып, жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне тапсырған", - дейді ведомство. 


Осы орайда республикалық жедел-құтқару жасағы ата-аналарға жас балаларын қараусыз қалдырмауға, әрі мұқият және сақ болуға шақырады. 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.