Әкімдік қызметкері бюджеттің 700 млн теңгесін жымқырған

1 374

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шымкентте Әл-Фараби ауданының әкімдік қызметкері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 

Аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен істі Шымкент қаласы бойынша ІІМ департаменті тергеп жатыр. Аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, аудандағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру мен күтіп ұстауға арналған сметалық құжаттамада жұмыс пен материалдардың бағасын негізсіз көтеріп жіберген. 


"Ол 700 миллион бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды", - делінген хабарламада.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.