Ерекше күтімді қажет ететін қыз жоғалып кетті

2 522

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ugranow.ruАбай облысында 11 жасар оқушы қыз жоғалды деп хабарлайды,- Opennews.kz ақпарат агенттігі.

3 қараша күні 11 жасар Саяна Қадырғожина мектептен кейінгі үйірмеден шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Қыз ерекше күтімді қажет ететін, сондықтан іздеу жұмыстары жылдам ұйымдастырылды.

Саянаны іздеуге қала полициясының барлық қызметі атсалысты. Жедел топтар көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды шарлап, қыздың қай бағытқа кеткенін анықтауға тырысты. Бейнебақылау камералары жасөспірімнің әртүрлі жерлерде жүргенін көрсетті, ал жаңа мәліметтер түскен сайын іздеу жұмыстары сол бағыттарда күшейтілді. 

Жергілікті полиция департаменті мен 200-ден астам іздестіру тобы  және қала тұрғыны Фаризаның қырағылығының арқасында Саяна аман-есен табылып, ата-анасына оралды. Полиция басшысы Фаризаны алғыс хатпен марапаттауға ниетті, ал ата-анасы қол ұшын берген әрбір адамға шексіз ризашылығын жеткізді. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.