Намаз кезінде баланы ұрып жіберген имам жазадан құтылып кетті

1 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Намаз уақытында жүгіріп жүрген баланы ұрып жіберген имам жауапкершілікке тартылмады, - деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі. 


Алматы облысы Шелек ауылындағы мешіттердің бірінде имам намаз оқып жатып бөлмеде жүгіріп жүрген баланы ұрып жіберген болатын.


Полиция оқиға кезінде баланың әкесінің болғанын, ол арыз жазудан бас тартқанын және бір-біріне ешқандай талаптары жоқ екенін атап өтті.


"Тексеру барысында анықталғандай, бейнероликте көрсетілген бұл оқиға 2023 жылдың 27 маусымында Шелек ауылында орналасқан мешітте болған. Намаз кезінде 1978 жылы туған азамат Е. 3 жасар баланы сол қолымен ұрып жіберген", – деді Бауыржан Әленов.


Өз кезегінде бұл оқиға Алматы облысы мұсылмандары діни басқармасында қаралып, имам өз әрекеті үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


"Қазіргі уақытта полиция жан-жақты, толық және объективті шешім қабылдау үшін барлық қажетті тексерулерді жүргізіп жатыр. Баланың ата-анасының, ауыл тұрғындарының және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің қатысуымен азамат Е.-мен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Имам кешірім сұрады", - деп қосты полковник Әленов.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.