Намаз кезінде баланы ұрып жіберген имам жазадан құтылып кетті
Намаз уақытында жүгіріп жүрген баланы ұрып жіберген имам жауапкершілікке тартылмады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматы облысы Шелек ауылындағы мешіттердің бірінде имам намаз оқып жатып бөлмеде жүгіріп жүрген баланы ұрып жіберген болатын.
Полиция оқиға кезінде баланың әкесінің болғанын, ол арыз жазудан бас тартқанын және бір-біріне ешқандай талаптары жоқ екенін атап өтті.
Өз кезегінде бұл оқиға Алматы облысы мұсылмандары діни басқармасында қаралып, имам өз әрекеті үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қаз
Рус






