"Жүгір немесе өл" жасөспірімдер арасында қауіпті ойын таралуда

1 789

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстандық жасөспірімдер арасында жаңа қауіпті ойын қарқын алуда. Ойын шарты бойынша олар көлік, автобус немесе пойыз алдынан жолды кесіп өту керек,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Жүгір немесе өл” ойыны бойынша балалар қауіпті нәрсе жасап, содан кім тірі қалып, жеңуі тиіс. Қазақстандықтар бұған дабыл қағып, ата-аналарды ескертуде.


Риддер тұрғыны қауіпті ойынның куәсі болған. Ер адам көліктің алдынан жүгіріп жүрген жасөспірімдер тобын түсіріп алған.


“Сұр-жасыл күртеше киген бала көліктің астына түсе жаздады. Жүргізуші уақытында тоқтап үлгерді. Достары осыған күліп, қарап тұрды", – деді куәгер.


Маңғыстауда автокөлік жүргізушілері бір біріне ескерту жіберуде.


“Егер көлікпен жүргенде жол бойында жігіттерді көрсеңіз, абай болыңыздар”, – делінген хабарламада.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.