75 жастағы зейнеткер әлеуметтік желідегі жазбасы үшін тұтқындалды

1 516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Зейнеткер әлеуметтік желідегі жазбасы үшін тұтқындалды, деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  Stan.kz порталына сілтеме жасап.


Адвокат Токтосун Жоробековтің айтуынша, зейнеткерге "Билікті күштеп басып алуға жария шақыру" бабы бойынша айып тағылған. Облыстық соттың шешімімен Таштанова 4 қарашаға дейін қамауға алынды.


"Адахан Мадумаров қамауға алынғаннан кейін Салия Таштанова президентке және Қамшыбек Ташиевке елді қымбатшылық жайлағанын, әділдік жоқ екенін айтып үндеу жолдаған. Осыдан кейін тергеушілер оның үстінен "президенттің және  Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысының беделіне нұқсан келтірді" деген айыппен қылмыстық іс қозғады", – деді адвокат.


Өткен жылы Салия Таштанова құрылтайда сөз сөйлеп, егер шекара мәселесін шеше алмаса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев пен ел президенті Садыр Жапаровтан отставкаға кетуді талап еткен.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.