Костенко шахтасындағы апаттан қаза болғандар саны 45-ке жетті

1 544

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Костенко шахтасындағы апаттан қаза болғандар саны сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 адамға жетті. 1 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда,- деп  хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда. 


Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті. Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды. Онда, шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы, металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері, желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды. Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. 


Сонымен қатар Сырым Шәріпханов апатты тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді. Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыстар жалғасуда.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.