Үкімет 3 баладан көп баласы бар аналарға жалақы төлеуі керек – депутат

1 537

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Депутат Ерлан Сайыров көпбалалы отбасыларға қатысты әлеуметтік мәселе көтерді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Көпбалалы отбасыларды мемлекет қамқорлығына алып, жәрдемақыны көбейту керек. Сондай-ақ біз бұрыннан бері Үкімет 3 баладан көп баласы баласы бар аналарға жалақы төлеу керек екенін айтып жүрміз. Өйткені, олар жұмыс істеп отыр. Тәрбиеші болып Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеп отыр", – деді Сайыров.



Сонымен қатар, депутат Ұлттық қордан балаларға аударылатын қаражат аз деп есептейтінін айтты. 


"Қазіргі таңда Ұлттық қордың біршама қаржысы балалардың есепшотына аударылып жатыр. Бірақ бұл — өте аз. Бірақ, өзіміз болашақта тәуелсіздік эстафетасын алып жүретін балаларды тәрбиелейміз десек, олардың ата-анасына жағдай жасау керек. Сол үшін балалардың ата-анасын жұмыспен қамту, жәрдемақыны көбейту, қоғамдық қорлар арқылы көмек көрсету ісін жолға қою керек", — деді депутат.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.