Eкі адам тірідей жанып кетті

1 527

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақтөбе қаласы маңында жүк және жеңіл көлік соқтығысты. Оқиға кезінде жеңіл көлік ішіндегі жүргізуші мен жолаушы жанып кетті, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға Ақтөбе-Богословка тасжолында болды. Бүгін сағат 17:30-да Бауырластар тұрғын алабының маңында "Toyota Estima" автокөлігі "Зил" жүк автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлік өртеніп кетті.


"Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Toyota Estima" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Ал Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтің айтуынша, жол-көлік апаты кезінде жанып кеткен жүргізушінің жасы мен ұлтын анықтау мүмкін болмаған.


Олар жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Ал жүк көлігінің 51 жастағы жүргізушісі медициналық көмекті қажет етпеген.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.