Жүкті әйелдің басына бағдаршам құлады

1 554

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Таразда жүкті әйел жантүршігерлік апаттан аман қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Оның үстіне көлік соғып құлатқан бағдаршам құлап кеткен. Соққының күшті болғаны сонша, әйел құлап, есін жоғалтқан. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.  Оқиға қаладағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде болып, бұл бақылау камерасына түсіп қалған. 21 жастағы әйел жолдан өтпек болып, бағдаршамның жасыл түсі жанғанын күткен. Осы кезде көлік бағдаршамға жоғары жылдамдықпен келіп соғылған, ал бағдаршам жүкті әйелдің басына құлаған. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткенімен, полиция оны тапқан. Көлік айыптұраққа жеткізіліп, ал ер адамға бірден екі айыппұл салынды.


Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.