Балабақшада аутизмі бар балаға күш көрсеткен

1 526

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скринТараздағы оңалту балабақшасында тәрбиешілер аутизмі бар балаға зорлық көрсеткен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы баланың әпкесі айтып берді. Оның айтуынша, тәрбиешілер сөйлемейтін бауырының қолы мен аяғын байлап, ұйқыға жатқызған. Бұған дейін де тәрбиешілер балаға қол көтерген дейді ол. Кейін туыстары баланың басынан жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Алайда балабақша әкімшілігі мекемеде өз-өзіне зиян келтіруге бейім балалар тәрбиеленіп жатқанын алға тартып, ешқандай ұрып-соғу болмағын айтып, ақталды. 

Оқиғаға құқық қорғау органдары да араласып, Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді қатыгездікпен ұштасып орындамау") бойынша іс қозғады.

“Қазір оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша іске қатысы бар барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – деп мәлімдеді Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Басқарма тергеу барысының облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін атап өтті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.