Шетел азаматы Қазақстанда жаңа туған сәбиін сатпақ болды

1 523

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шетелдік азамат Қазақстанда жаңа туған сәбиін сатпақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы облысының полиция департаментінің дерегінше, 22 қарашада Алматы облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Stop Traffic" профилактикалық іс-шарасы барысында Қарасай ауданында көрші республиканың 24 жастағы тумасын ұстаған. Әйелдің жүктілігі жеті айлық кезінде құрсақтағы баласын сату туралы хабарландыруды әлеуметтік желіге жариялағаны анықталды.


“Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі бойынша Қарасай аудандық әкімдігінде тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде”, – деді облыстық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Әленов.

Ұсталған азамат заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді, деп қосты полиция.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.