Антикор басшысы: Жемқорларды “темірмен күйдіргендей” жазалау керек
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали елдегі жемқорларды “темірмен күйдіргендей” жазалау керектігін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында агенттік басшысы елдегі жемқорлықпен күрес туралы айтты.
Агенттік басшысының пікірінше, жемқорлықпен күресте қатаң шаралар қолдану мәселені толықтай шешуге көмектеспейді. Ол мұндай қатаң шаралар қолдану бойынша Қытайды мысал ретінде көрсетті. Қытайда мұндай қылмыстар үшін ату жазасы белгіленсе де, жағдай айтарлықтай түзелмеген. Сондықтан Қытай билігінің түсіндіру жұмыстарына көңіл бөліп жатқанын айтты. Алайда, түзелмейтін жемқорларға қатаң шаралар қолдану қажет.
Қаз
Рус






