Тұрғын үйде жарылыс болып 5 адам зардап шекті

1 540

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ашық дерек көзіАтырауда тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Жарылыс кезінде 5 адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға 2 қаңтар күні болған.


“Жергілікті уақытпен сағат 11:10-да Атырау қаласының Көкарна ауылында тұрғын үйден түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде үйде газ-ауа қоспасының дүмпуі болғаны анықталды. Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің 9 шаршы метр қабырғасы құлап, 140 шаршы метр аумағы жанып кетті”, – делінген хабарламада. 


Тілсіз жау сағат 12:03-те оқшауланып, 12:22 шамасында түгелдей сөндірілді. Өрт салдарынан 5 адамды күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. 

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.