Тұрғын үйде жарылыс болып 5 адам зардап шекті
Атырауда тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Жарылыс кезінде 5 адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға 2 қаңтар күні болған.
Тілсіз жау сағат 12:03-те оқшауланып, 12:22 шамасында түгелдей сөндірілді. Өрт салдарынан 5 адамды күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылған.
Қаз
Рус






