Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
Жоғарғы сот тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың байлығын қараудан бас тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстандық Қайыргелді Смағұловтың арызын қарау бойынша кассациялық алқа оның Назарбаевтың мүлкін мемлекет пайдасына өндіріп алуға бағытталған талабын одан әрі қарауға негіз жоқ деп тапты.
Бұл – Смағұловтың экс-президенттің мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеуге бағыттаған үшінші арызы. Ол Назарбаевтың президент ретіндегі әрекеттері бүкіл адамзатқа қауіп төндіргенін алға тартады.
Қаз
Рус






