Екі баланың туған әкесі өлтірді – оқиғаның мән-жайын әжесі айтып берді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматыда ер адам балаларын аяусыз өлтірді. Оқиғаның қалай болғанын балалардың нағашы әжесі Татьяна Негрей айтып берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қаскүнем соңғы бір жылға жуық жұмыс істемеген. Әйелін аңдып, қызғанумен болған
Жантүршігерлік оқиға 4 қаңтарда болған. 17 жыл отасып, бірге тұрған ерлі-зайыпты қызғаныштың салдарынан екі баласынан айырылды. Балалардың үлкені 12, кішісі 9 жаста болған.
Оның айтуынша, балалардың денесінің сау жері жоқ.
Балалардың әкесі соңғы бір жылға жуық жұмыс істемеген. Әйелін аңдып, қызғанумен болған. Тіпті үйге бейнекамера да қойып тастаған. Шаңырақтың берекесі кетіп, ұрыс-керіс жиі болған көрінеді. Оны үй иелері де мойындап отыр.
Екі жеткіншек Алматыдағы №32 мектепте білім алған.
Қаз
Рус






