Атың шықпаса жер өрте: қазақстандық туристер Грекиядағы аралды өртеп жіберген

1 597

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстаннан барған туристер Грекияның Гидра аралында яхтадан отшашу атып, орманның отқа орануына себепкер болғанын жазып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мәселен, жергілікті БАҚ – Tovima басылымының мәліметінше, 21 маусымда кешке демалушылар жалға алған яхтадан жағалау жаққа отшашу ата бастаған. Осы әрекеттің салдарынан қарағайлы орман жана бастаған. Жалынды сөндіруге өрт сөндірушілер мен еріктілер жұмылдырылған. Жағдай ушыққаннан кейін тіпті ауадан су шашатын тікұшақ та тартылған.


БАҚ ақпаратына сүйенсек, жергілікті әкімшілік өртті ұйымдастырған шетелдіктерді соттап, жазалауға ниетті екенін айтқан. Осы оқиғаға қатысы бар барлық азамат, соның ішінде экипаж мүшелері де ұсталған. Енді олардан оқиғаға қатысты жауап алынбақ. Гидра аралы ауқатты туристерге арналған Грекияның негізгі туризм орталықтарының бірі саналады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.