Елімізде төрт әуежай салынады

1 549

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ашық дерек көзіКөлік министрлігінде шағын авиацияны дамыту мәселесіне арналған кеңес өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жиынды Көлік министрі Марат Қарабаев жүргізіп отырды. Оған Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары әкімдіктерінің, «Жетісу» және «Южное небо» әуе компанияларының, сондай-ақ Үшарал, Үржар мен Зайсан әуежайларының өкілдері қатысты.


Кеңесте жоғарыда атап өткеніміздей, шағын авиацияны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Жиынның қорытындысы бойынша Көлік министрлігінің басшысы Үржар, Үшарал, Зайсан, Катонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларында әуежайлардың құрылысы және оларды реконструкциялау мәселелерін қарауды, сондай-ақ шағын авиацияны дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.