Құлсарыда үш баланың анасы өзін тыныштандыру үшін мысықтарды асып өлтірген

379

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында әйел мысықты асып өлтірген. Ол мұндай қадамға өзін тыныштандыру үшін барған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  "Мой город" порталына сілтеме жасап. 


Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Асылып тұрған жануарды көршілері көріп, полиция шақырған. 38 жастағы үш баланың анасы өз әрекетін түсіндіре алмаған. Кейіннен өзін тыныштандыру үшін әйелдің ай сайын бір мысық өлтіріп отырғаны анықталған. 

Әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездiк жасау") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда бүгін, 16 ақпан, әйелдің жазадан сытылып кеткені белгілі болды. 

"Жылыой ауданының тұрғынына қатысты амнистия туралы заңды қолданылуымен байланысты мысыққа қатыгездік таныту ісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды", - деп хабарланды полиция департаментінен. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.