Биыл бюджеттен 91 млрд теңге игерілмеген

1 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары ішкі істер, мәдениет және ақпарат; су ресурстары және ирригация; экология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мемлекеттік бюджеттің шығысы 98,2%, республикалық бюджеттің шығысы 99,4%, жергілікті бюджеттердің шығысы 97,2% орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 18 трлн теңгеге шығыс жүргізілді.


Оның ішінде атқарылмағаны – 107 млрд теңге болды. Оның ішінде үнемдеу – 16 млрд теңге. Игерілмегені – 91 млрд теңге.


Игерілмеудің негізгі себебі: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; өнім берушілердің тауарларды жеткізбеуі; бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамауы; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы ұсынылмауы; төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген; министрліктердің қайта ұйымдастырылуына байланысты, - деді Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.