Биыл бюджеттен 91 млрд теңге игерілмеген
Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары ішкі істер, мәдениет және ақпарат; су ресурстары және ирригация; экология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік бюджеттің шығысы 98,2%, республикалық бюджеттің шығысы 99,4%, жергілікті бюджеттердің шығысы 97,2% орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 18 трлн теңгеге шығыс жүргізілді.
Оның ішінде атқарылмағаны – 107 млрд теңге болды. Оның ішінде үнемдеу – 16 млрд теңге. Игерілмегені – 91 млрд теңге.
Игерілмеудің негізгі себебі: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; өнім берушілердің тауарларды жеткізбеуі; бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамауы; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы ұсынылмауы; төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген; министрліктердің қайта ұйымдастырылуына байланысты, - деді Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.