"Ет свежый ма" - QR сканерлеу арқылы еттің сапасын біледі

1 641

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ашық дерек көзі"Vetlab" ветеринарлық жүйесі малдың еркек немесе ұрғашы, иесі кім болғандығын, тіпті қай өңірде жайылып, қай уақытта сойылғаны туралы ақпарат бере алады. Бұл азық-түлік тізбегіндегі ашықтықты қамтамасыз етпек, деп хабарлайды, - "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Vetlab" цифрлы ветеринарлық-санитарлық сараптама жүйесінің пилоттық жобасы Палводар өңірінде сәтті түрде жүзеге асуда. Қаңтар айынан бастап "Jailau" фермерлік нарығынан ет сатып алушылар сөредегі өнімнің сапасын өз беттерімен анықтауға мүмкіндік алды.

Кез келген тұтынушы етке соғылған QR-код-ты телефон камерасы арқылы сканерлеп, барлық ақпаратты бірден біледі.


Ветеринарлық-санитарлық жүйе ет ұрғашы немесе еркек малдікі екенін, қай күні сойылып, қай өңірден жеткізілгенін, иесі кім болғанын толықтай дыбыстап айтып береді. Бұрынғыдай сатушыдан бәрін тәптіштеп сұрап жатпайсыз.

Әзірше мұндай цифрлық жүйе "JAILAU" фермерлік нарығында ғана істеп тұр. Алдағы уақытта пилоттық жоба өзге де сауда нүктелерінде енгізіледі деп күтіліп отыр.


Мамандар әр сойылған малға бірегей QR-код берілетінін айтады. Оны өзге сойылған мал етіне жапсыру мүмкін емес.

Осылайша, цифрлы жүйе азық-түлік тізбегінде ашықтық қалыптастырып, агроөнеркәсіп тауарын өндірушілердің жауапкершілігін күшейте түспек.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.