Депутат базарлардың жағдайын қатаң сынға алды

1 532

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

 Фото:© Sputnik / Тимур БатыршинМәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов базарлардың жағдайын сынға алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасқарауов аудандарды аралап, халықпен кездескенде Ұзынағаш базарына арнайы барған.

"Шынын айту керек, ХХІ ғасырда бұл жердегі жүйесіздік пен ретсіздік әбден шегінен шығып кеткен. Сауда сөрелері мен инфрақұрылым нысаны заманауи талапқа сай келмейді. Санитарлық-гигиеналық нормалар өрескел бұзылған, базардың іші толған қоқыс, арық жүйелері бітелген. Ең өзекті мәселенің бірі – автотұрақ жоқ. Соның салдарынан тәулік бойы бітпейтін көлік кептелісі тұрғындарға қолайсыздық туғызуда", - деді Қасқарауов мәжілістің бүгінгі отырысында.Оның айтуынша, базарда жағдай болмаса да, саудагерлер жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязында жұмыс істеуге мәжбүр.

"Базар басшылары тұрақты табыс тауып отырғанымен, инфрақұрылымды жаңғыртуға және жағдайды жақсартуға инвестиция салуға құлықсыз. Ал Ұзынағаш – аудан орталығы әрі Алматы қаласына жақын орналасқан елді мекен. Халық тығыз, сырттан келушілер легі жоғары. Соған қарамастан, базардың қазіргі келбеті ауданның имиджіне кері әсер етіп жатыр. Ауыл халқы да заманауи сауда нысандарына лайық", - деп атап өтті депутат.

Бұндай мәселе Алматы облысының Талғар, Қарасай аудандарында да бар. Осыған байланысты Қасқарауов сауда министріне депутаттық сауал жолдап, бірнеше ұсыныс жасаған. 

- Алматы облысының аудан орталықтарындағы базар қызметіне кешенді тексеріс жүргізу;

- Санитарлық, өрт қауіпсіздігі және қала құрылысы талабының сақталуына құқықтық баға беру;

- Базар инфрақұрылымын жаңғыртуды немесе оны елді мекеннің шет аймағына көшіру мүмкіндігін қарастыру;

Аудан орталықтарындағы базарлар мен сауда нысанына арналған бірыңғай архитектуралық және дизайн код енгізу.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.