Пәтер жарылып, тұрғындар үйінді астында қалды: құрбандар бар

1 717

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотОқыс оқиға Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылында болған, деп хабарлайды, - "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


30 қаңтарда сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылы Әуезов көшесі 8а мекенжайы бойынша екі қабатты, екі кіреберісті, 12 пәтерлі тұрғын үйде (2014 ж., жалпы алаңы 510 ш.м. .) 2-ші қабатта орналасқан №10 пәтерде жарылыс болған. Пәтердің үстіндегі шатырдың, қабырғалары мен төбелерінің, соның ішінде бірінші қабатта орналасқан №7 пәтердің жалпы ауданы 300 шаршы метр толық құлаған. Бірінші қабаттағы № 5, 6, 8 және екінші қабаттағы 11, 12 пәтерлер де жартылай зақымданған.


Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.

Сағат 00:11-ден бастап 03-37-ден құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді.


Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 сенім телефоны ашылды. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді. Оқиға орнына жедел штаб құрылды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.