Зейнеткердің көлігін ұрлап, сатып жіберген

1 602

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  polisia.kzТүлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік ұрлығына қатысы бар 36 жастағы жұмыссыз тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Анықталғандай, күдікті ер адам қарияның жалғызбасты екенін біліп, түнгі уақытта сыртқы есігінен асып түскен. Үй алдында тұрған құны 2,5 миллион теңге тұратын есігі ашық тұрған Lada көлігі күдіктінің ұрлық жасауына еш қиындық тудырмаған. Яғни, автокөлікті сүйреп алып шығып, Тараз қаласына қарай бет алған», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.


Оңай жолмен пайда табуды көздеген ол автокөлікті 200 мың теңгеге сатып жіберген.


Полицейлер қолды болған көлікті тәркілеп, заңды иесіне табыстады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.