Қызылордада мектеп ішінде оқушылар жаға жыртысқан

5 684

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: #261 мектепҚызылорда қаласында №261 Серәлі Лапин атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары мектеп әжетханасында жұдырықтасқан, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Үстіміздегі жылы  облыс әкімдігімен бірлесіп өткізілген кеңейтілген отырыста мектептердегі қауіпсіздік мәселелері бойынша прокурорлық тексерудің нәтижелері айтылған болатын. Облыс прокурорының орынбасары Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлы прокуратура тарапынан мектептерде жүргізген тексерулер нәтижесінде мектептерге бөтен адамдардың кіріп шығу жағдайына эксперимент жасалып, ғимаратқа еш кедергісіз қару жарақ және басқа да тыйым салынған құралдармен еркін кіріп шығуға болатынын айтты. 

 Прокуратура тарапынан жасалған ескертуге мектеп басшылығы нәтиже шығармаған секілді.

Айтылғаны сол екен, №261 Серәлі Лапин атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларының жанжалдасуы мектеп әжетханасында жұдырықтасумен аяқталған.

Ол аздық еткендей әрекеттерін видеоға түсіріп таратқан. 

 Мектеп қабырғасында орын алған жағдай бүгінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бақылауында екені белгілі болды.

«Полиция қызметкерлері Қызылорда қаласы мектептерінің бірінде жанжалдасқан оқушылардың жеке басын анықтады. Олар ата-аналарымен бірге қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді»,- деп ресми мәлімдеген Қызылорда қалалық Полиция Басқармасы.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.